Президент СҚО-да тұрғындармен кездеседі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның солтүстік өңіріне жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының еліміздің солтүстік өңіріне жұмыс сапары жалғасуда. Солтүстік Қазақстан облысында Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен кездесіп, өңірдегі күзгі жиын-терім науқанының барысымен танысады», - деп жазды Facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Қ.Тоқаев балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысып, облыс шаруаларымен кездесті.



Соңғы жаңалықтар