+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Президент: ШЫҰ терроризмге қарсы құрылымы аясында Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру керек

2020 жылғы 10 қараша 16:49
Бөлісіңіз:
Президент: ШЫҰ терроризмге қарсы құрылымы аясында Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік турбуленттік үш жауыздықтың, атап айтқанда сепаратизм, терроризм мен экстремизм күштерінің бас көтеруіне әкеп соқты. Өршіп бара жатқан қауіптерге деген біздің ұйымның орынды жауабы – сепаратизм, терроризм мен экстремизмге қарсы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық бағдарламасын интернетте де белсенді түрде жүзеге асырудан көрініп тұр. Қоғамдық және экономикалық салалардың онлайн режимге өтуі – киберқауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын алға шығарады. Сол себепті біз жедел түрде ШЫҰ Аймақтық Терроризмге қарсы Құрылым аясында (ШЫҰ ТҚҚА) Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек деп есептейміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңес отырысына қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT