Президент Шымкент әкіміне тұрғындардың өмір сапасын арттыруды жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауызсумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Еске салайық, Е.Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып 30 шілде күні тағайындалған болатын. Мегаполисті бұған дейін басқарып келген Ғабидолла Әбдірахымов Президент Жарлығымен қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар