+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Президент Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

2020 жылғы 24 шілде 12:00
Бөлісіңіз:
Президент Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті: Қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырамын Қазақстан Президенті Солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледі Президент Сума Чакрабартиді қабылдады

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

«Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді. Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Президент жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырған.

«Сонымен қатар ол аталған аймақтардағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты. Ал құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді» деп атап өтті Президенттің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шорнақтағы жағдай тұрақталып, 4 адам қамауға алынғанын жария еткен еді.

Ал Сәтпаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдікті қамауға алынды. Алайда бірнеше адам күдіктіні өз қолына беруді талап етіп, жанжал шығарған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT