+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Президент: Шетелдіктерді міндетті тіркеу секілді анахронизмнен құтылу керек

2019 жылғы 29 қазан 16:34
Бөлісіңіз:
Президент: Шетелдіктерді міндетті тіркеу секілді анахронизмнен құтылу керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Еліміздің туристік тартымдылығын арттырғымыз келсе, жуық арада шетелдіктерді міндетті тіркеу сияқты анахронизмнен құтылу керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейнешолу Туроператорлар  Тараз, Шымкент, Түркістан, Ақтаудың туристік әлеуетін бағалады Қасым-Жомарт Тоқаев француз саяси қайраткері Жак Атталиді қабылдады

Жиында Қазақстан Президенті Алматы қаласындағы бизнес ахуалды жақсарту және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

«Егер біз еліміздегі ірі қалалардың, жалпы еліміздің инвестициялық және туристік тартымдылығын шынымен арттырғымыз келсе, жуық арада шетелдіктерді көші-қон полициясы органдарында міндетті тіркеу сияқты анахронизмнен құтылу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өмір сапасын арттыру мен қаланың инфрақұрылымын дамыту ісін қамтамасыз ету мәселелері де Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады.

«Біз Алматыны халықаралық бизнес және туризм орталығы ретінде көрсетеміз. Сондықтан қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі барлық жұмыс халықаралық стандарттарға сай бейімделуі тиіс. Ең бастысы, азаматтарға қалада өмір сүру қолайлы әрі жайлы болуы керек. Бұған үйге баратын жолдың болуы, әлеуметтік инфрақұрылымның жақын әрі қолжетімділігі, сапалы ауызсумен, газбен, үздіксіз электр қуатымен және жылумен қамтамасыз етілуі сияқты бірқатар факторлар әсер етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT