Президент шекарадағы контрабандамен күресетін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Контрабанда отандық өнеркәсіпке, азаматтар денсаулығына қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент контрабанда мәселесіне тоқтала келе, бұл проблема салық саласына, сондай-ақ отандық өнеркәсіпке, азаматтар денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер тудыратынын атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекет саясатының маңызды жүйесінің бірі кедендік-тарифтік бағыттың тиімділігі жеткіліксіз екенін айтты.

«Үкіметке биылғы 1 қыркүйекке дейін мемлекет шекарасында заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді бағдарламасын даярлауды тапсырамын», - деді Қ. Тоқаев.

Осы орайда Президент аталан бағдарлама кедендік әкімшілендіруді жақсартуды, техникалық реттеу жетілдіруді, сондай-ақ шекарадағы өзге де қадағалауды жақсартуды қамтуы керектігін тапсырды.


Соңғы жаңалықтар