Президент шахматшы Динара Сәдуақасованы құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады. , деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті.

Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.

Еске салсақ, Алматы қаласында шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Динара Сәдуақасова рапидтен күміс жүлдегер атанды.

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы


Соңғы жаңалықтар