Президент шахмат спортын бақылайтыны қуантады - Бибісара Асаубаева

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Блиц-шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Мемлекет басшысының қабылдауынан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысымен кездесу өте жылы атмосферада өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлының шахматты бақылап, бізді қолдайтыны қуантады», – деді Бибісара Асаубаева эфир кезінде.

Оның айтуынша, Президент жас чемпионды кезекті жеңісімен құттықтап, жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, одан әрі биік шыңдарды бағындыра түсуге кеңес берген.

Кеше хабарлағанымыздай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шахматшы, блицтен әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны жеке қабылдап, жеңісімен құттықтады.

Б.Асаубаева өткен жылы желтоқсанда блицтен әлем чемпион атанған еді.

Одан бөлек, жуырда ғана жерлесіміз Мәскеуде өткен «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде блицтен әйгілі гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді.


Фото: instagram.com/kzchessfederation


Соңғы жаңалықтар