Президент Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты

Редактор:  
Асхат Райқұл

Президент Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Айта кетейік, Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев. Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.

Салтанатты рәсімнен кейін Президент Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезовпен және қос алыптың ұрпақтарымен суретке түсті.


photo

photo

photo

photo


Фото: t.me/bort_01





Серіктестер жаңалықтары