Президент: Семей еліміздің қарқынды дамуының тағы бір полюсі болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Семей еліміздің қарқынды дамуының тағы бір полюсі болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Әділетті Қазақстан – баршаға тең мүмкіндіктер елін құрып жатырмыз. Әрбір азамат тұрғылықты жеріне қарамастан лайықты өмір сүруге және толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруға құқылы. Өйткені жалпыұлттық байлық елдің барлық тұрғындарының еңбегі мен күш-жігерінің арқасында құрылады. Мемлекеттің шынайы қуаты өңірлерде қалыптасатындығына сенімдімін. Сондықтан «Қуатты аймақтар - қуатты ел« қағидаты менің саяси бағытымның негізгі негіздерінің біріне айналды», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Абай облысын құру туралы шешім кездейсоқ және жағдаятқа байланыс емес екендігін баса айтты.

«Бұл жалпы қоғамның үмітіне ғана емес, стратегиялық есептеулерге де байланысты мұқият тексерілген қадам болды. Нақты әкімшілік-аумақтық реформа аясында біз бүкіл Шығыс Қазақстанның тарихи орталығын қайта құрдық. Заманында Семей халықаралық транзиттік сауданың маңызды торабы болды. Ал бүгінде облыс екі ірі көршіміз – Ресей мен Қытаймен шекараласып, елдің шығыс өңірлерін біртұтас байланыстырады. Осынау орасан зор көліктік-логистикалық және сауда-экономикалық әлеуетті толық пайдалану қажет.

Болашақта Семей Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбемен қатар белсенді адамдарды, инновациялар мен инвестицияларды тарта отырып, еліміздің қарқынды дамуының тағы бір полюсі болады деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Фото:t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар