Президент сайлауына қатысты қанша шағым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясында 20 қарашада өткен кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына қатысты қандай ескерту, шағымның болғаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент сайлауы бойынша 8 өңірден 14 ресми шағым түсті. Дауыс беру барысына қатысты аздаған ескерту болды. Ол бойынша біз талдау жүргіздік. Дауыс берушілерге 2 және одан да көп бюллетень беру жағдайы, әлі де ашық күйінде қалып отыр. Байқаушылардың сұрауы бойынша дауыс беру процесіне қатысты мәліметтер хаттамаға сай берілді. Біз ешнәрсені жасырмаймыз. Сондай-ақ, бюллетеньді жәшікке салу процесіне қатысты Түркістан және Қарағанды облысында 2 фактінің болғаны айтылды. Дегенмен анықтау барысында фактілер расталды. Осы орайда бізге абай болған жөн, мүмкін жаңа әдіске көшу керек шығар», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елордада өтіп жатқан аумақтық сайлау комиссиясы басшыларына арналған республикалық семинарда.

Айта кетсек, президент сайлауы барысын шет мемлекеттерден 532 байқаушы қадағалады.

Еске салайық, Астанада Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аумақтық сайлау комиссиясының басшыларына арналған республикалық семинар өтіп жатыр. Барлық өңірден 300-ге жуық адам қатысып жатқан шара үш күнге созылады.


Соңғы жаңалықтар