+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Президент сайлауы заңнама талаптарына сай өткізілді - Серік Ақылбай

2019 жылғы 13 маусым 16:40
Бөлісіңіз:
Президент сайлауы заңнама талаптарына сай өткізілді - Серік Ақылбай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 маусымда өткен Президент сайлауы кезінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелерінде 3 мыңға тарта заңгер жұмыс жүргізген. Бұл туралы елордада өткен «Сайлау 2019: Азамат және сайлау құқығы» дөңгелек үстелінде Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңгерлер одағының негізгі міндеті - сайлауға қатысатын сайлаушыларды құқықтық тұрғыда ағарту. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарияланған сәттен бастап «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі сайлау процесінің әрбір кезеңі бойынша баспасөз мәслихаттарын өткізді. Заңгерлер сайлау жарияланғаннан бастап кандидаттарды ұсыну және тіркеу сәтінен, сайлау алдындағы үгіт жүргізуден тыныштық күніне дейін барлық кезеңде құқықтық түсініктеме беріп отырды», - деді Серік Ақылбай.

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы заңгерлер сайлаудың барлық кезеңіне құқықтық баға бергенін тілге тиек етті.

«Осы кезеңде заңгерлер одағы біздің сайлаушыларды алаңдатқан сұрақтар бойынша бес ақпараттық бюллетень шығарды. Заңгерлер одағы мен оның өңірлік өкілдіктері таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде жұмыс жүргізіп, азаматтарға кеңес беріп, олардың құқықтарын түсіндіріп берді. Заңгерлеріміздің бәрі республиканың түкпір-түкпірінен белсенді жұмыс істеді. 17 өңірден 3 мың заңгер сайлау учаскелерінде еңбек етті. Біздің өңірлердегі өкілдіктердің мәліметі бойынша, жалпы, президент сайлауы сайлау заңнамасының талаптарына сай өткізілді», - деді Серік Ақылбай.

Еске сала кетейік, кеше жаңадан сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімінде халқына адал болуға ант берген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Заң, Сайлау, Сайлау 2019,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT