Президент сайлауы: үшінші Exit poll нәтижесі жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кезектен тыс өткен ҚР Президенті сайлауының үшінші Exit poll нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«31» телеарнаның тапсырысымен «СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ сайлауда Exit poll жүргізді.

Сонымен нәтиже мынадай:

Қарақат Әбден – 2,84%;

Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;

Жигули Дайрабаев – 3,68%;

Мейрам Қажыкен - 2,62%;

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;

Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %;

Бәріне қарсымын – 4,22%.

«Қазақстан президентін сайлау нәтижесінің мониторингі exit-poll әдістемесі бойынша жүзеге асырылды. Барлық аймақ бойынша 379 сайлау учаскесінде 482 мың дауыс берушіден пікір алынды», - деді Әлібек Түймебаев онлайн-телемарафон барысында.

Бұған дейін «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу институты жүргізген Еxit poll нәтижесі белгілі болды.

Еске сала кетсек, Орталық сайлау комиссиясы хабардар еткендей, сайлауға қатысты бірнеше ұйым қоғамдық сауалнама жүргізу құқығына ие болды.

Айта кетсек, Астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 15 өңірінде, ал 21.00-де Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды.

Сондай-ақ, сайлауда еліміздегі бүкіл дауыс берушілердің 69 пайызы таңдауын жасады.


Соңғы жаңалықтар