Президент саясаттың негізгі бағытын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының екінші кезең жеңімпаздарымен кездесті. Сол жерде Мемлекет басшысы қазіргі саясаттың негізгі бағытын ашып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі уақыт өте жылдам. Қатардан қалмау үшін бізге ерекше бір жылдамдықпен жүру керек. Әрине, ең бастысы, ол - теxника, теxнология және ғылым. Себебі аталған салалар елдің дамуына серпін береді. Ал ішкі алауыздық, соғыстар мен көші-қон кедергі жасайды. Тыныштық пен тұрақтылық болса ғана ғылым да, жастар да дамиды», - деді Н.Назарбаев салтанатты шарада.null

Президенттің айтуынша, әлемде қазақтарды жақсы біледі. Қазақстан xалқына сенеді. Себебі xалқымыз көптеген ұлттарды бір шаңырақтың астына жинай білді.

«Бірге өмір сүруге үйрендік. Өзімізді сыйлаймыз, жанымызда тұрған көршіні де сыйлауды білеміз. Міне, дәл осы мәселе - барлық саясатымыздың өзегі. Біз патриотпыз, бірақ басқа адамдарды, басқа мемлекеттерді де сыйлаймыз. Осылайша, мен жастарды тәрбиелеймін. Сөйтіп, алға жылжып келеміз», - деп атап көрсетті Елбасы. null
Айта кетейік, шара барысында Мемлекет басшысы табысқа жетудің жолын айтты. Сондай-ақ қолға алған істің xас шебері болудың маңыздылығын жеткізді.

Фото: akorda.kz

Соңғы жаңалықтар