Президент Сауда және интеграция министріне тапсырмалар берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігі тиімді сауда саясатын құруы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жаңадан Сауда және интеграция министрлігін құрдық. Жаңа ведомство сауда саясатын құруды жүйелі және рационалды тұрғыда қолға алып, отандық экспортты дамыту бойынша тиімді шаралар кешенін әзірлеуі тиіс. Өткізу нарығын кеңейтуі керек. Әсіресе, интеграциялық үрдісте мәміле жасау позицияларын күшейту қажет. Бұл міндеттерді министр Бақыт Сұлтановқа тапсырамын. Өткізу нарығын кеңейтпесек, сапалы инвесторлар бізге келмейді. Мен Үкіметтен, әсіресе жаңа министрліктен нақты ұсыныстар мен нәтиже күтемін», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.

Соңғы жаңалықтар