Президент сапары: Қазақстан Кореяға қандай тауарлар экспорттайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Республикасында мемлекеттік сапармен жүр. Осыған орай ҚазАқпарат екі ел арасындағы сауда-экономикалық, саяси-мәдени ынтымақтың 30 жылдағы көрсеткіштері туралы шолу дайындады.

Алтыншы сапар

«Таңғы жұпар елі», «Азия жолбарысы». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен жүрген Оңтүстік Кореяның әлемдік аренада осындай бейресми атаулары бар. Тәуелсіздік алған тұстан бері Қазақстан мен «Азия жолбарысының» арасында өзара ынтымаққа негізделген қарым-қатынас орнады. Бұл сөзімізге ҚР Сыртқы істер министрлігінің берген деректері дәлел.

«2019 жылы біздің мемлекеттеріміз стратегиялық серіктестіктің орнағанына 10 жыл толғанын атап өтсе, 2022 жылы өзара дипломатиялық байланыстардың орнағанына 30 жыл болады. Осы кезең аралығында Қазақстан мен Корея арасында сенімді саяси диалог қалыптасып, екіжақты экономикалық қарым-қатынастар қарқынды түрде жүзеге асуда», - деп жазады СІМ мамандары.

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына 5 рет сапармен барса, Корея Республикасының Президенттері елімізге 6 рет сапармен келген екен.

Ал кеше, яғни, 16 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапармен барды.

Қазақстан басшысы коронавирус індеті тарағаннан бері Корея Республикасына ресми сапармен барған алғашқы шетелдік Президент екенін де айту керек.

Сыртқы істер миистрлігінің мәліметі бойынша, сапар барысында қос мемлекеттің басшылары екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеріп, кеңейтілген стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме қабылдамақшы.

«Аталған құжат екі мемлекет арасындағы ынтымақтың ауқымын кеңейтіп, энергетика, цифрландыру, биофармацевтика, қаржы технологиялары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. салалардағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік құрылымдар 10 шақты құжатқа қол қойып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі кеңеюіне септігін тигізеді деп сенеміз. Ресми делегацияның қатарына бірқатар мекеме басшыларының енгенін ескере отырып, олардың корейлік әріптестерімен екіжақты кездесулері жоспарланғанын айту керек», - дейді СІМ өкілдері.

Сапар аясында Қазастан Президенті Сеулдегі Кибер университетінің аумағында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады.

Еңбек миграциясы

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ерекше ынтымақты байланыс арадағы еңбек көші-қонынан да көрініс тапқан деуге болады. 2014 жылғы 19 маусымда Қазақстан Үкіметі мен Корея Үкіметі визалық қарым-қатынасты оңтайландыру туралы келісімге қол қойған болатын. Сол келісімнің арқасында қос ел азаматтары екі араға 30 күн визасыз режиммен сапарлай алатын мүмкіндік алған. Осы 30 күндік визасыз режимді кейбір азамттарымыз еңбек миграциясына берілген «жолдама» етіп жүр.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, Корея Республикасының аумағында заңсыз жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының саны бүгінде 8 402 адамға жеткен.

«Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша тұрақты негізде корей тарапымен консультациялар мен келіссөздер жүргізуде. Проблеманы шешу жолдарынын бірі – еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты Келісімге қол қою болып табылады», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Үкіметке «Халықтың еңбек көші-қоны саласындағы жұмысты жандандыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары» жасауды, соның негізінде «Корея Республикасымен еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау туралы келісім (меморандум) әзірлеп, екіжақты бекітуді тапсырған болатын. Бұл шаруа 2021-2022 жылдары аралығында тындырлуы тиіс.

30 жылда 7 млрд доллар инвестиция салған

Оңтүстік Корея – Қазақстан үшін әлемдегі ең ірі 10 инвестор елдің бірі.

«COVID-19 індетінің жер-жаһанға жайылғанына қарамастан, 2020 жылдың қорытындысы бойынша екі мемлекет арасындағы тауар айналымы жоғары деңгейде сақталып, 5,8 млрд АҚШ доллар болды. Осы ретте, Оңтүстік Корея Қазақстанның ең ірі 10 сыртқы сауда серіктестерінің біріне айналды», - деп жазады СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылында корей тарабы елімізге 7 млрд доллардан астам тікелей инвестиция салған. Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 550-ден астам компания жұмыс істеп келеді. Солардың қатарында «Samsung», «LG», «Hyundai», «Lotte», «Posco», «KNOC» сияқты алпауыттар бар.

Былтыр екі мемлекет арасында сәтті жүзеге асқан экономикалық жобалардың қатарына Алматыда ашылған «Hyundai» автокөліктерін шығару зауытын жатқызуға болады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда ашылған Қазақстан-Корей IT орталығы мен Алматыда салынған коронавирус індетін анықтауға арналған мобильді скрининг орталығы (Drive Through) – екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жарқын көрінісі. Бір ғана Hyundai компаниясы былтыр Алматыда жеңіл автомобильдер құрастыру үшін 60 млн доллар, жүк көліктері мен шағын класты автобустар құрастыру үшін 22 млн доллар инвестиция құйған болатын. Президенттің бүгінгі сапары аясында Алматы қаласындағы Нyundai Trans Kazakhstan зауытында Hyundai Tucson моделін CKD әдісімен өндіру жөніндегі коммерциялық келісімге, сондай-ақ «KIA Corporation» компаниясымен ынтымақтастық және KIA Sportage моделін CKD әдісімен өндіру жөніндегі келісіме қол қою жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысының Корея Республикасына сапары аясында 20-дан астам ірі кореялық компания басшыларының қатысуымен инвестициялық кездесу өтіп, соның қорытындысы бойынша автомобиль жасау, тұрғын үй құрылысы, металлургия, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында 1,5 млрд доллардан астам қаражатқа жаңа инвестициялық жобалар бойынша коммерциялық құжаттарға қол қойылады», - дейді сыртқы істер министрлігінің мамандары.

2022 жыл – «Мәдени алмасу жылы»

2020 жылы Оңтүстік Корея үкіметі елімізге COVID-19 індетімен ауқымды күрес жүргізу үшін 800 мың доллардың гуманитарлық көмегін ұсынды. .

Қазіргі кезде Алматы – Сеул – Алматы бағыты бойынша қазақстандық «Air Astana» және кореялық «Asiana Airlines» әуекомпанияларының тұрақты рейстері қатынайды. COVID-19 індетіне байланысты екі ел арасындағы әуе рейстерінің тізбесін кеңейту мәселесі әзірге күн тәртібінде тұрған жоқ.

«Келер жылы екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 30 жыл толуына байланысты 2022 жыл «Мәдени алмасу жылы» болып жарияланады және соның шеңберінде екі мемлекетте де түрлі мерейтойлық іс-шаралар, соның ішінде мәдени іс-шаралар өтеді деп күтілуде», - делінген СІМ ұсынған мәліметте.

Ал Сауда және интеграция министрлігінің дерегіне сүйенсек, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы алыс-беріс пандемия басталғаннан бері нашарлаған. Жалпы алсақ, 2016 жылдан бері екі арадағы сауда айналымының көлемі 8,7 есе өскен.

Мысалы, Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның 2020 жылдағы тауар айналымы 5,9 млрд доллар болған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10% төмен (6,5 млрд доллар).

Жыл

2019 жыл

2020 жыл

2020/2019 өзгеріс

Тауар айналымы

6 545,5

5 893,3

-10%

Экспорт

3 080,2

1 003,9

-67,4%

Импорт

3 465,3

4 889,4

+41,1%

Сауда балансы

-385,1

-3 885,4

нашарлаған

2020 жылы Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға 1 млрд доллардың өнімі экспортталған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 67,4% төмен.

Тауар түрі 2019 жыл 2020 жыл 2020/2019 өзгеріс
физ. көлемі мың $ үлесі физ. көлемі мың $ үлесі физ. көлемі млн.$
Бүкіл экспорт 3 080 203,70 100% 1 003 922,30 100% -67,40%
1. Шикі мұнай 5 875 210,20 2 904 432,70 94,30% 2 268 031,70 887 006,40 88,40% -61,40% -69,50%
2. Ферроқорытпа 99 676,80 118 606,70 3,90% 80 185,40 84 190,80 8,40% -19,60% -29%
3. Титан және одан жасалған бұйымдар 3 443,70 29 959,90 0,97% 2 864,70 26 531,30 2,60% -16,80% -11,40%
4. Болат қоспасынан жасалған жартылай фабрикаттар 70 173,40 24 662,40 0,80% 10 433,60 3 131,60 0,31% -85,10% -87,30%
5. Электр машиналары мен жабдықтарына арналған оқшаулағыш арматура 0 394,8 0,01% 0 1 682,20 0,17% рост в 4,6 р. рост в 4,3 р.
6. Оксометалдық және пероксометалдық қышқыл тұздары 160 158,3 0,01% 600 557,3 0,06% рост в 3,7 р. рост в 3,5 р.
7. Піл сүйегі, басқа да жануарлар мен сүтқоректілердің сүйегі 1,4 313,2 0,01% 1,7 325,2 0,03% 23,30% 3,80%
8. Парфюмерия мен дәрі өндірісінде қолданылатын өсімдіктер 235,5 135 0,00% 81,4 64,8 0,01% -65,40% -52%
9. Кернеуі 1000 вольттен аспайтын электр тогын реттегіш аппарат 0 0,8 0,00% 0,2 55,6 0,01% 20 есе өсім 71,6 есе өсім
10. Жанғыщ тақтатас 120 51,8 0,00% 120 50 0,00% 0% -3,40%
11.Тері күтіміне арналған косметикалық құралдар, сәндік косметика 0,4 48,3 0,00% 0,2 39,5 0,00% -55,10% -18,20%
12. Ауа баптағыш қондырғылар 0 0 - 1,2 36,3 0,00% new new
13. Оқшауланған сымдар, кәбіл 0,4 48,4 0,00% 0,3 35,3 0,00% -25,60% -27%
14. Резеңке мен пластмасса өңдейтін қондырғылар 0 0 - 0,7 25 0,00% new new
15. Кептірілген көкөніс 0,1 0,7 0,00% 7 23,1 0,00% 70 есе өсім 35,5 есе өсім
16. Электронные интегральные схемы 0,1 118,1 0,00% 0 21,1 0,00% -87,80% -82,20%
17. Бақылау,өлшеу аспаптары, бейіндік проекторлар 0 0,3 0,00% 0,2 19,3 0,00% 6,4 есе өсім 59,6 есе өсім
18. Ток қабылдайтын және тарататын аппаратура бөлшектері 8,7 249,8 0,01% 0,8 16,5 0,00% -91,20% -93,40%
19. Күшті спирттік ішімдіктер 2 880,00 36,4 0,00% 3 110,40 15,6 0,00% 8% -57,10%
20. Табиғи шайыр 0 0 - 0,4 12,9 0,00% new new

Ал Оңтүстік Кореядан Қазақстанға келетін импорт 2020 жылы 41,1% өсіп, 4,9 млрд долларға жеткен.

Тауарлар 2019 жыл 2020 жыл 2020/2019 өзгеріс
физ. көлемі мың $ үлесі физ. көлемі мың $ үлесі физ. көлем млн.$
Бүкіл импорт 3 465 280,20 100% 4 889 368,10 100% 41,10%
1. Тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтар 1 457,50 65 603,50 1,90% 37 428,10 1 629 534,30 33,30% 25,7 есе өсім 24,8 есе өсім
2. Ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер 8 466,40 393 077,20 11,30% 23 838,20 1 057 729,40 21,60% 2,8 есе өсім 2,7 есе өсім
3. Центрифугалар, сұйықтықтарды немесе газдарды сүзуге арналған жабдықтар мен құрылғылар 11 109,40 420 929,70 12,10% 11 877,30 433 091,60 8,90% 6,90% 2,90%
4. Сыйымдылығы 300 литрден астам қара металл ыдыстар 1 067,80 48 990,50 1,40% 8 675,10 355 661,00 7,30% 8,1 есе өсім 7,3 есе өсім
5. Құбырға арналған арматура 5 451,90 249 224,50 7,20% 4 712,90 253 937,70 5,20% -13,60% 1,90%
6. Материалдарды термиялық өңдеуге арналған жабдық 15 313,20 604 690,10 17,40% 6 295,50 244 013,40 5,00% -58,90% -59,60%
7. Қара металдан жасалған конструкциялар 16 331,30 163 793,40 4,70% 6 760,00 124 294,30 2,50% -58,60% -24,10%
8. Электр трансформаторлары 1 218,60 39 006,10 1,10% 3 780,30 120 696,90 2,50% 3,1 есе өсім. 3,1 есе өсім
9. Сұйықтыққа арналған насостар 10 265,50 447 236,80 12,90% 2 794,30 95 463,60 2,00% -72,80% -78,70%
10. Автомобиль шанағы 5 633,00 71 922,90 2,10% 7 178,00 62 938,20 1,30% 27,40% -12,50%
11. Қара металдан асалған сығымдалған және сұйытылған газға арналған ыдыстар 1 628,20 61 068,90 1,80% 3 166,70 59 200,90 1,20% 94,50% -3,10%
12.Автомобиль мен трактордың қосалқы бөлшектері 4 024,40 39 714,80 1,10% 3 550,10 57 605,80 1,20% -11,80% 45%
13. Ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқыштары 9 396,00 20 509,10 0,59% 9 343,00 27 495,80 0,56% -0,60% 34,10%
14. Медицналық бұйымдар мен құрылғылар 142,3 17 361,40 0,50% 110,4 19 434,90 0,40% -22,50% 11,90%
15. Жеңіл көліктер 992 7 201,40 0,21% 2 356,00 17 875,30 0,37% 2,4 есе өсім 2,5 есе өсім
16. Моторлы теміржол және трамвай вагондары 0 0 - 8 16 842,80 0,34% new new
17. Қара металдан жасалған түрлі бұйымдар 2 706,20 24 247,80 0,70% 1 419,30 14 673,80 0,30% -47,60% -39,50%
18. Жөн жөндеу және құрылыс техникасы 244 20 013,30 0,58% 338 13 914,90 0,28% 38,50% -30,50%
19. Қара металдан жасалған жіксіз құбырлар, түтіктер және профильдер 541,2 3 620,50 0,10% 864,7 11 519,80 0,24% 59,80% 3,2 есе өсім
20. Рентген апараты 36 4 766,20 0,14% 73,1 10 989,80 0,22% 2 есе өсім 2,3 есе өсім

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-маусымда 1,1 млрд доллар болған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 58,5% төмен (2,6 млрд доллар).

Кезең

2020 жылдың қаңтар-маусымы

2021 жылдың қаңтар-маусымы

2021/2020 өзгеріс

Тауар айналымы

2,6

1,1

-58,5%

Экспорт

0,7

0,7

+8,8%

Импорт

1,9

0,4

-81,8%

Сауда балансы

-1,3

0,4

жақсарды

2021 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанның Оңтүстік Кореяға экспорты 8,8% өсіп, 733,6 млн доллар болған. Негізгі тауарлар: шикі мұнай – 657 млн долар,(89,6% үлесімен), ферроқорытпа – 45,3 млн доллар (6,2%), титан және одан жасалған бұйымдар – 16,7 млн доллар (2,3%), болат қоспасынан жасалған жартылай фабрикаттар - 13,4 млн доллар (1,8%), оксометалдық және пероксометалдық қышқыл тұздары – 462,2 мың доллар (0,06%).

2021 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келген импорт 81,8% төмендеп, 354,1 млн доллар ғана болған.

Негізгі тауарлар: автомобильге арналған шанақ – 59,5 млн долар (16,8% үлесімен), моторлы теміржол немесе трамвай вагондары – 50,5 млн доллар (14,3%), автомобиль мен тракторға арналған қосалқы бөлшектер – 44,3 млн доллар (12,5%), ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқыштары – 26,6 млн доллар (7,5%), жеңіл автомобиль – 15,1 млн доллар (4,3%), тері күтіміне арналған косметикалық құралдар, сәндік косметика – 10,6 млн доллар (3%), мыстан жасалған өзге де бұйымдар – 9,8 млн доллар (2,8%), жол жөндеу және құрылыс техникасы - 8,7 млн доллар (2,4%).

Пандемия құрсауындағы соңғы екі жыл арадағы алыс-берісті құбылтқаны болмаса, жалпы екі елдің арасындағы тауар айналымы 2016 жылдан бері 8,7 есе артқан. Экспорт 4,5 есе өссе, импорт 10,8 есе өскен.

Жылдар

2016

2017

2018

2019

2020

2020/2016 ж.ж өзгеріс

Тауар айналымы

676,5

1 695,5

3 897,1

6 545,5

5 911,4

8,7 есе өсім

Экспорт

223,5

1 128,2

2 975,9

3 080,2

1 003,9

4,5 есе өсім

Импорт

453,0

567,3

921,2

3 465,3

4 907,5

10,8 есе өсім


Соңғы жаңалықтар