Президент «Самұрық-Қазына» басшысына соңғы мүмкіндік беретіндігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде «Самұрық-Қазына» қорының басшысына қатаң талап қойылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қор жұмысы жабық, былайша айтқанда саяси маңызы бар адамдар тағайындалатын алып құрылым болып алды. Сатып алудың тиімсіз жүйесі, еңбек жанжалдары, қыруар шығын, аяқсыз қалатын ауқымды жобалар, күтіп-ұстауға деп шамадан тыс шығын жұмсау. Осынша мәселенің бәрі қоғамның наразылығын туғызады. Өйткені біз осы уақытқа дейін нақты мұнай химиясын құра алмадық. Кеңес заманында салынған зауыттарды жөндеп әлекпіз. Ал іргеміздегі Өзбекстан 2-3 зауыт салып үлгерген. Директорлар кеңесінің және тәуелсіз директорлардың рөлі көп жағдайда формалды сипатқа ие. Қорды түбегейлі реформалау туралы міндет жүктеймін», - деді Президент.

Мемлекет басшысы ұлттық қордың басшысына қандай шарт қойылғанын да ашық айтты.

«Мен бұл жөнінде Сатқалиевпен сөйлестім, реформалау міндетін еңсере алмаса, жұмыстан кетеді. Онымен бірге қордың өзі де нарықтан кетуі мүмкін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар