Президент Samruk-Kazyna Construction-ды бірыңғай тапсырыс беруші ретінде айқындау туралы ұсынысты қолдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында бюрократияны азайту, нақты мәселелердің шешілуін созбалаңға салу проблемасын реттеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Олар бюрократияны азайту, нақты мәселелердің шешілуін созбалаңға салу проблемасын реттеуі керек. Үкіметтің Samruk-Kazyna Construction-ды бірыңғай тапсырыс беруші ретінде айқындау туралы ұсынысын қолдауға болады деп есептеймін. Бұл бүкіл процесті бір жерде жоспарлауға, салуға және басқаруға мүмкіндік береді. Мектептер бойынша талап ерекше болады», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2023 жылы құрылысы басталатын мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуі тиіс екенін жеткізді


Фото: egemen.kz





Соңғы жаңалықтар