Президент Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты

None
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет», - деді Президент.

Фото: t.me/aqorda_resmi

Соңғы жаңалықтар