Президент реформаларға кедергі келтіретін бастықтар қызметінен кететінін қадап айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігінен жергілік полиция қызметін бөліп шығару оңайға соққан жоқ.

Бұл туралы бүгін Республика судьяларының VII съезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық «100 қадам» орындалуы тиіс. Оңға-солға ешқандай да бұрылыстың болуына жол бермеймін. Мен мұны барлығына айтып отырмын. Таяуда барлық мемлекеттік органдар барлық тармақтар бойынша не істелгені, неге қол жеткізілгені тыңдалатын болады. Бірақ, бағдарламаны орындай отырып, құқық қорғау органдарының кадрлық жұмыстарын жетілдіру де маңызды міндет. Қазір құзіреттілік әдісі негізінде құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерін іріктеу жүйесі жақсартылуда. Жергілікті билік органдарына, жергілікті қоғамдастыққа бағынышты жергілікті  полиция қызметі құрылып, жұмыс істеуде. Ішкі істер министрлігіне мұны жасату оңайға түскен жоқ. Міне осылай жабысып алады. Астанада отырып, бүкіл Қазақстанда ешкімге ештеңе берместен басқарады. Бөлгеннен кейін де тағайындауды жалғастырып келеді. Яғни, мен белгілеген реформалар егер бастықтар Астанада болып, өзгелері мұнымен айналыса алса, өздері бұған ынталы болса ғана ілгерілей алады. Егер, бұлай болмаса,  онда бұл реформалардың соңына дейін жүргізу үшін  бізге оларды ауыстыру қажет болады», - деді Назарбаев.

ҚР Президенті полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық кеңестер құрылғанын атап өтті. Онда әдеп нормасын бұзған полициялардың іс-әрекеттеріне қатысты шағымдар қаралады.

«Полиция көмекке мұқтаждарға келетін, адамның досына айналуы қажеттігіне жайында болып отыр. Адамдар полицияға сенім артуы қажет. Міне, әңгіме осы төңірегінде болып отыр. Қазір қоғамның полиция жұмысы тиімділігін бағалай алатын «Қылмыстық құқықбұзушылық картасы» интернет-порталы жұмыс істейді», - деді Елбасы.  

Соңғы жаңалықтар