Президент Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдады

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат – Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің ықпалдастығына тың серпін беру үшін Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді», делінген хабарламада.


Еске сала кетсек, 16 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сол елдің Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөз жүргізді. Кейін екі елдің Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

«Қазақстан Кореямен серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән береді. Біз өзара тиімді әріптестікті жоғары бағалаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен – «Samsung Electronics» компаниясының президенті Ин Ёнг Ли және «Doosan Heavy Industries & Construction» президенті Ёнг Инг Чонгпен екіжақты кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Сеулдағы Кибер университеттің аумағында орнатылған ұлы ақын Абай бюстінің ашылу рәсіміне қатысты.



Соңғы жаңалықтар