Президент прокурорлар құзыретін кеңейтуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Айыптау актілерін даярлау бойынша прокурорлар құзыретін кезең-кезеңмен кеңейту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Прокурорлық қадағалаудың жеделдігі артты. Негізсіз шешімдердің 98 пайызы үш тәуліктің ішінде күшін жойды. Прокурорлардың айыптау актілерін дайындау жөніндегі құзыретін біртіндеп кеңейте беру қажет. Бұл қадам олардың жауапкершілігін арттырып, тергеу нәтижелеріне құқықтық баға беру тетіктерін нығайтады», - деді Мемлекет басшысы.

Президент ішкі істер органдары осы салаға тән емес бірқатар функциядан арылғанын еске салды.

«Учаскелік инспекторлардың мәртебесі артты. Олар құқықбұзушылықтардың алдын-алу саласында қосымша өкілеттікке ие болды. Бірнеше өңірде полицияның сервистік моделі пилоттық режімде жұмыс істей бастады. Келесі кезең – оның ауқымын кеңейту. Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне жергілікті билік органдарының осы үдеріске қатысуына байланысты болады. Олар жаңа өзгерістердің мән-маңызын түсініп, полицияға қолғабыс етуге тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар