+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Президент Петропавлдағы колледжді мерейтойымен құттықтады

2020 жылғы 27 қараша 00:15
Бөлісіңіз:
Президент Петропавлдағы колледжді мерейтойымен құттықтады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің құрылғанына 100 жыл толды.

Ұқсас жаңалықтар
«Қазгидромет»: СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды

Тарихы бай оқу орнын мерейтойымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, арнайы хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің мерейтойына арналған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын ұжымға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов оқып берді.

«Қадірлі ұстаздар! Құрметті колледж ұжымы!

Сіздерді Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Бұл – егемен еліміздің білім саласындағы айтулы оқиға. Тарихы мен тағылымы мол оқу орны ұстаздарының өскелең ұрпақты тәрбиелеуге сіңірген еңбегі орасан зор. Колледждің білім ордасы ғана емес, сондай-ақ мәдени және рухани орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі. Мұнда ұлт мақтанышына айналған танымал тұлғалар еңбек етіп, алғашқылардың бірі болып әдебиет және өнер саласындағы үйірмелердің ашылуы – соның айқын дәлелі.

Бүгінде колледж ұжымы заман талабына сай білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар дайындау ісіне елеулі үлес қосуда. Осындай мәртебелі миссияны абыроймен атқарып келе жатқандарыңыз үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті болсын!»,-делінген Мемлекет басшысының құтықтауында.

Колледжге қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың есімі берілген. Білім ордасында Мағжан ұстаздық қызмет атқарды. Колледж шәкірттері мұны мақтан етеді. Сондай-ақ Сәбит Мұқановтың бастамасымен еліміздегі алғашқы әдеби үйірме де осы колледжде ашылған.

«Бүгінде колледж еліміздегі үздік оқу орындарының қатарында. 100 жылда білікті ұстаздар 30 мыңнан аса маманды даярлап шығарды. Қазір колледж түлектері еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Айта кету керек, қазір облыстағы колледждер мен университет түлектерінің 80 % жұмысқа орналасқан.

Мағжан колледжі биыл заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Оқу процесінде үздік технологиялар қолданылып жатыр. Талаптарға сай «ІТ-орталығы» ашылды.

Жалпы, облыс бойынша биыл 4 колледж 1,2 млрд теңгеге жоғары технологиялық жабдықтар сатып алды. Келесі жылы 5 колледжге тағы 1,5 млрд теңге жұмсалады. Осылайша, екі жылдың ішінде облыстағы колледждердің 40 % жаңарады», - деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT