Президент: Перспектива тұрғысынан Қазақстанға уағдаластықты үзу - тиімсіз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен барлық экономикалық уағдаластықтардың сақталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа байланысты барлық уағдаластықтар өз күшінде қалады. Біз жұмыс істеуді жалғастырамыз. Қазақстан ешқандай жағдайда өзінің одақтық міндеттемелерінен бас тартпайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.

Президенттің пікірінше, уағдаластықты үзу дұрыс емес және перспектива тұрғысынан тиімсіз болар еді.

Бұған дейін Қ. Тоқаев Ресей мен Батыстың санкциялық текетіресі туралы айтқан еді.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды не үшін өткізу қажеттігін түсіндірді.



Соңғы жаңалықтар