+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Президент пен лауазымды тұлғалар індеттен қайтыс болғандарды құрметпен еске алады- Берік Уәли

2020 жылғы 13 шілде 10:31
Бөлісіңіз:
Президент пен лауазымды тұлғалар індеттен қайтыс болғандарды құрметпен еске алады- Берік Уәли

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді, деп жазды бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда провизорлық стационардың біреуі жабылды Алматы әкімі алғашқы медициналық көмек қызметінің дайындығын тексерді Коронавирус белгісі бар пневмония: 828 науқас тіркеліп, 13 адам көз жұмды

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады.

«Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді», деп жазды Берік Уәли.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT