Президент павлодарлық оқушыларға жазушы Рамазан Тоқтаров туралы естелік айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның оқушыларына жазушы Рамазан Тоқтаров туралы естелік айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рамазан Тоқтаровтың біздің халқымызға өте танымал, көрнекті жазушы екені күмәнсіз. Рамазан Тоқтаровты мен білуші едім. Өйткені марқұм әкем кезінде Жазушылар одағында онымен бірге, бір кабиентте отырды. Рамазан Тоқтаров біздің үйімізге келіп, әкеммен бірге отырып дәмдес болған. Екеуі жақсы араласты, бірге жүрді. Сондықтан Рамазан Тоқтаровтың шығармашылығын мен жақсы білемін», - деген Мемлекет басшысы жазушының шығармашылығы туралы пікірін ортаға салды.

«Абайдың жұмбағы» деген романы ол кісінің еңбектерінің шыңы деп айтуға болады. Рамазан Тоқтаровтың жазу стилі өте күрделі емес, бірақ бірегей деп айтуға болады, өте ерекше. Сондықтан Рамазан Тоқтаров – өте танымал, аса құрметті жазушы. Біз бәріміз оны мақтан тұтамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: t.me/bort_01


Соңғы жаңалықтар