Президент Павлодардағы Былқылдақ көлін сынаптан тазарту мәселесін көтерді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде өңірдің экологиялық мәселелерін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір жауыр болған мәселе – Былқылдақ су жинақтаушы көлі, оның түбінде орасан зор өнеркәсіптік сынап жиналған. Қазір көл аумағының ластануын таратпау бойынша шаралар кешені қолға алынды. Тағы да сынаптың жер асты суларына түсу ықтималдығын бағалау керек және сарапшылармен бірлесіп, бұл мәселені шешудің тиімді жолдарын анықтау қажет деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз тапсырмасымен Павлодар облысының 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары қабылданғанын еске салды.

«Бұл құжаттың қоғам мен экологтардың қатысуымен жасалғаны маңызды. Мұнда мен Павлодар экологиялық қозғалысының ерекше белсенділігі мен немқұрайлы қарамағанын атап өткім келеді. Сіздер қоршаған ортаны сақтауға және тұрақты даму құндылықтарын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып жатырсыздар», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қ. Тоқаев өндірісті күшейту мен экологияны қорғау арасында тепе-теңдікті сақтау керектігін айтқан еді.



Фото:pavlodarnews.kz




Соңғы жаңалықтар