ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Президент: Павлодар – еліміздің маңызды индустриялық орталықтарының бірі

2022 жылғы 5 қазан, 16:18
Президент: Павлодар – еліміздің маңызды индустриялық орталықтарының бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар-Ертіс өңіріне Қазақстанның экономикалық прогресінде ерекше рөл беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта энергетикалық қауіпсіздік бүкіл әлем үшін өте өзекті мәселе болып отыр. Электр энергиясының жеткілікті көлемі болғанда ғана мемлекеттердің қарыштап дамуы мен тұрақты индустриялық өсу мүмкіндігі болады. Сондықтан, Павлодар-Ертіс өңіріне Қазақстанның экономикалық прогресінде ерекше рөл беріледі», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Павлодар облысының еліміздің маңызды индустриялық орталықтарының бірі екенін атап өтті.

«Ресурстар мен электр энергиясының қолжетімділігі, дамыған инфрақұрылым өңірді одан әрі дамыту үшін зор перспективалар ашады», - деді Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar