Президент: Павлодар бүкіл өңірдің даму орталығына айналуы керек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодарды бүкіл өңірдің даму орталығына айналдыру – әкімдік пен Үкімет алдындағы өте маңызды міндет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Павлодар бүкіл өңірдің даму орталығына, облыс халқының тұрақты әл-ауқатын және тұрмыс сапасын жақсартудың қозғаушы күшіне айналуы керек. Менің ойымша, бұл – әкімдік пен Үкімет алдында тұрған өте маңызды міндет. Осы жерде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр отыр. Ол – сіздердің жерлестеріңіз. Оған барлық мүмкіндік беріледі. Павлодар қаласының және бүкіл облыстың дамуына атсалысыңыз», - деді Президент.


Фото:t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар