Президент партиялық тізімге әйелдер мен жастар квотасының енгізілуі туралы айтты

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді», - деді ҚР Президенті


Соңғы жаңалықтар