Президент партиядан шыққанымен, AMANAT-тың стратегиялық бағдары өзгермейді деп ойлаймын - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – AMANAT еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала береді. Бұл туралы AMANAT партиясының съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады. Қазір ұйым Мәжілісте және мәслихаттарда едәуір басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктердің жұмысына қатаң бақылау жасай алады. Президент партия қатарынан шыққанымен, ұйымның стратегиялық бағдары өзгермейді деп ойлаймын. AMANAT еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала беретіні анық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент саясаттағы сабақтастық сақталып, партия ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарын жалғастыра беретінін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгіннен бастап Президенттің AMANAT партиясының төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды.

Биыл наурыз айында «ADAL» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали партияның AMANAT-қа қосылу шешімін түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар