Президент Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шараға қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шараға қатысады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, 7 мамыр - ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күні. Бұл күнді қазақстандықтар Отан қорғаушы күні ретінде жыл сайын атап өтеді.
1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ ССР Мемлекеттік қорғаныс комитеті жасақталды. Кейін ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.


1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Президенттен басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі қызметіне генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды.
7 мамыр Қазақстанда мерекелік демалыс күні болып саналады.



Соңғы жаңалықтар