Президент «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттері» саммитін тарихи кездесуге балады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» бірінші саммитін тарихи кездесуге балады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен, ең алдымен, Қос киенің сақшысы – Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа және Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салманға шынайы алғысымды айтамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент саммиттің елдер арасындағы бауырластықты нығайтатынын атап өтті.

«Бүгін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» жоғары деңгейдегі бірінші саммитіне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Осы тарихи кездесу бәріміз үшін қасиетті жерде бірлік пен өзара қолдау жағдайында өтіп жатыр. Соның арқасында елдеріміздің бауырластығы және достығы нығая түсетіні сөзсіз», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар