+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Президент өңдеу өнеркәсібін одан әрі ынталандыру жөнінде тапсырма берді

2020 жылғы 14 тамыз 14:37
Бөлісіңіз:
Президент өңдеу өнеркәсібін одан әрі ынталандыру жөнінде тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен өзекті мәселелерді талқылады Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады Қазақстан өлім жазасын ресми түрде алып тастады

Мемлекет басшысына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы 7 айда атқарған жұмысының қорытындысы, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайына қарамастан министрлікке қарасты салаларда оң нәтижелерге қол жеткен. Министр бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 61,3 мың отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарғанын жеткізді. Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар 9,8 мың шақырым жолдың құрылысы және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін Индустрияландыру картасын жүзеге асыру бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 160 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Президент өңдеу өнеркәсібін одан әрі ынталандыруға және ішкі нарықты толық қамту мақсатында өңделген өнімдердің үлесін арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған тұрғын үйлерді уақытында табыстаудың маңызды әлеуметтік міндет екенін айтты. Сондай-ақ көлік-транзит инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT