Президент өкілеттігі бейбіт әрі өркениетті түрде ауысты - Дәурен Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

"Бүгін тарихи оқиғаның куәсі болдық. Билік өкілеттігі жаңа президентке берілді. Бұл процесс бейбіт түрде, ең бастысы өркениетті түрде жүргізілді. Тіпті бұл күні "Тұмар - 2019" марапатын табыстап жатырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы атқарған шаруа аз емес, бұл туралы ұзақ айтуға болады. Нұрсұлтан Назарбаев дәуірінде біздің телевизияның қалыптасқанын және марапаттау өтіп жатқан ғимараттың (Қазмедиа орталығы - ред.) тұрғызылғанын атап өткен жөн. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше алғыс айтқым келеді", - деді Дәурен Абаев Астанада "Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау рәсімінде.

Айта кетейік, елорданың «Қазмедиа» орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты рәсімі басталды.

Биылғы жылы байқау 9 номинация бойынша өткізіледі. Үміткерлер, «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық-талдау бағдарламасы», «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы», «Үздік ойын-сауық жобасы», «Үздік өңірлік тележоба», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізушісі» аталымдарында бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар