Президент Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Бәрік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті . Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.


Соңғы жаңалықтар