Президент: «Nur Otan»-ды басқару шешімі партияны трансформациялау ниетінен туындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясын басқару ұсынысын оның жұмысын трансформациялау туралы шешім аясында қабылдадым. Партияның кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз өз дамуының өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, мен «Nur Otan» партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды топтастыру жөніндегі жұмысқа кірісуге дайындықтан туындады», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы ретінде адал саяси бәсекелестікке кепіл болатынын мәлімдеді.

«Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету», - деді Президент.

Айта кетейік, «Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.


Соңғы жаңалықтар