Президент неге «Спутник-V» вакцинасын салдырды

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті.
Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді», деп атап өткен өз жазбасында Берік Уәли.
- Бельгия халықты вакциналау қарқынын арттыруда
- Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы егілді – министрлік жауабы
- Қытайда коронавирусқа қарсы 160 млн доза вакцина егілді
- Елордада 2 мыңға жуық білім беру қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
QazCovid-in жасаған ғалым: Біз вакцинаның зиянсыз екеніне кепілдік бере аламыз
-
Коронавирус: Алматы облысының тұрғындары екпені Алматы қаласында жасата алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам