Президент: Наурыз — төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз — біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі. Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілеймін! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент қ ызғалдақ гүлін Ұлы даладағы Ұлыстың Ұлы күнінің басты белгісі ретінде бекітуге болатынын айтқан еді.

«Ел ұғымында қырдың қызғалдағы – нағыз көктемнің нышаны. Осы орайда, қызғалдақ гүлін Ұлы даладағы Ұлыстың Ұлы күнінің басты белгісі ретінде бекітуге болады», - деген болатын Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар