Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен Астанада Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы басталды

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы басталды. Форум жұмысына аграрлық саланың 2000-нан астам қызметкерлері қатысуда.

Ел Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов, Парламент палаталарының төрағалары, министрлер мен облыс әкімдері, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттері аумақтық инсепкция өкілдері мен қызметкерлері, ауыл шаруашылық саласындағы қоғамдық ұйымдардың басшылары және осы шаруашылықта ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер бар.

Республикалық жиын барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «он-лайн» режімінде агроөнеркәсіп секторының серпінді жобаларын іске қосады деп жоспарланып отыр.

Оның бірі - Алматы облысының Кербұлақ ауылында орналасқан көкөніс қоймасы, екінші нысан - Ақмола облысының Азат ауылындағы мал бордақылау алаңы.

Форум барысында қатысушылар ауыл шаруашылық саласындағы серпінді жобалармен танысады.

Соңғы жаңалықтар