Президент мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге шақырды – Елена Мащинская

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент әлеуметтік кәсіпкерлікті өте жіті бақылап отыр. Мемлекет басшысымен кездескен кәсіпкер Елена Мащинская осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, сонымен бірге ең алдымен әлеуметтік кәсіпкерлік туралы айтты. Біз өз жұмысымыз, жобаларымыз туралы әңгімелестік. Өз кезегінде Президент әлеуметтік кәсіпкерлікке баса назар аудару керектігін жеткізді. Кәсіпорындар тиімді жұмыс істеп қана қоймай, мүгедектердің әлеуметтің бейімделуіне көмектесуі керек. Біздің кәсіпкерлер бұл санаттағы азаматтардан қорықпай, олар үшін жұмыс орындарын ашып, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Себебі мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қоғамның сұранысына ие болу - өте қатты жігерлендіреді. Бүгінгі таңда көптеген жасосындай жобаларды қолға алып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тренингтерді өткізіп, оларға жұмыс орындарын ашып жатыр», - деді Е.Мащинская.

Кәсіпкер өзі жетекшілік етіп отырған кейтерингті компания қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс жүргізетінін айтады. Компанияда көру және есту қабілеті төмен азаматтар жұмыс істейді.

Елена Мащинская Президентпен кездесу барысында бизнестің осы түрінің қыр-сырын талқылау үшін әлеуметтік кәсіпкерлер форумын өткізу туралы бастама көтерілгенін атап өтті. Сонымен қатар форумда басқа кәсіпкерлер үшін үлгі боларлық жаңа жобаларды таныстыруға болады. Кәсіпкердің пікірінше, әлеуметтік кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттік қолдау жүйелі болуы тиіс. Ең бастысы билік әлеуметтік кәсіпкерлердің үнін тыңдай білуі керек.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездескені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар