Президент министрліктерге «100 жаңа есім» жеңімпаздарының бастамасын назарға алуды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуінде жастардың жобаларын министрліктер деңгейінде пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда қанша таланттың бар екенін елестетіп көріңізші! Бұл – жетістік, бұл – біздің болашақтағы жетістігіміздің кепілі. Биылғы жылы финалистер арасында дәрігерлер, мұғалімдер, еріктілер көп екені қуантады. Сіз, Ұлан, қатаң карантин мен қашықтан оқыту жағдайында да сапалы оқу материалын түпнұсқа ретінде ұсынуға болатындығын анық көрсеттіңіз. Салалық министрлік осындай заманауи әдістерді қолдануы керек. Екатерина, сіз елдегі экологиялық жағдайға немқұрайлы қарамайсыз. Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ағарту мәселелері бүкіл әлемде өткір тұр. Бұл әлемдік күн тәртібіндегі бірінші мәселе деп айтуға болады. Сіздің идеяларыңыз өзекті. Экология министрлігі сіздердің ұсыныстарыңызды зерделеп, пысықтауы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Ол, сондай-ақ, туған ауылына көпір салуға мұрындың болған Ахат Рақышевтің игі бастамасын ерекше бағалайтынын айтты.

«Мен туған жерімде жаңа көпір салған Ахаттың жұмысына таң қалдым. Ол жергілікті тұрғындарды қуантты. Мен біздің хоккейші Бұлбұлдың қыздарға арналған шайбалы хоккей үйірмелерін құру туралы ұсынысын қолдаймын. Жалпы, мен өз Жолдауымда айтқанымдай, бұқаралық спортты, дене шынықтыруды, әйелдер спортын дамытуға бағытталған барлық ұсыныстарды қолдаймын», -деді Президент.


Соңғы жаңалықтар