Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.

Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, бүгін таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйлеген болатын.


Соңғы жаңалықтар