Президент мемлекеттік компаниялардың санын қысқарту керектігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компаниялардың санын қысқарту керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекеттік компаниялар конгламераттарға айналып шыға келді. Мұны түсіну керек. Халықаралық бәсекеге қабілетке бұл айтарлықтай күмән туғызып отыр. Мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту үшін мен квазимемлекеттік компанияларды құруға мораторий жарияладым. Біз соңғы 14 жылда ұлттық әл-ауқат қорының халықтың жағдайын көтеруде қаншалықты пайдасы болғанын ұғынуымыз керек. Үкімет Есеп комитетімен бірге үш айдың ішінде талдау жүргізіп, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін зерттеуі керек», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында. Еске сала кетсек, елордада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. |Жиын барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялауда.


Соңғы жаңалықтар