Президент мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беруге бағытталған заңға қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беруге бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беруге бағытталған және орта білім беру ұйымына бекітілген дене сауықтыру және спорт құрылыстарын жалға алушыға беру құқығын беретін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар