Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартылуы мүмкін – министр
2022 жылғы 16 маусым 14:06

Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартылуы мүмкін – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш Президент туралы нормаларды өзгерту қалай жүргізілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық кодекс бойынша Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиеті үшін жауапкершілікті көздейтін жалпы бір бап қалады. Бұл - барлық президенттерге ортақ. Елбасы үшін бөлек (ҚР Тұңғыш Президентін қорлағаны үшін – ред.) бап болмайды», - деді Қанат Мусин Сенат кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, ел Президенті тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартылуы мүмкін.

Сонымен бірге, Қ. Мусин Тұңғыш Президент туралы заңның күші қалай жойылатынын айтты.

«Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алынып тасталғандықтан, тиісінше бұл заң бәрінен алынуы керек. Бұл Конституцияда қабылданған өзгерістерге сәйкес жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы аясында болады. Оны биыл Парламенттің қарауына енгізеді», - деді министр.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT