Президент: Меккеде Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым, ол – елдің амандығы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде қазіргі буынның болашақ ұрпақ алдындағы борышы қандай екені туралы пайымын айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіз елімізді қуатты мемлекет ретінде ұрпаққа аманаттау – біздің борышымыз. Алда талай сынақтар, күрделі кезеңдер болуы мүмкін. Дегенмен ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, алынбайтын асу жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Меккеге барған сапарын еске алды.

«Мен бүгін халқымның алдында тұрып, бастаған ісіміз берекелі болсын деп тілеймін. Қазақ – ырымшыл халық. Мен биыл қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым. Ол – елдің амандығы», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар