Президент медиаөнімдердің бәсекеге қабілетті болуын тапсырды – Дәурен Абаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында қандай тапсырмалар берілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент медианарықты дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Мұнда саланы қолдау туралы ғана айтылған жоқ. Президент барлық медиа саланың, медиаөнімдердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруді, инфрақұрылым және заңнаманы жетілдіру мәселелерін алға қойып отыр», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта министрлік кешенді шаралар жүргізіп жатыр.

«Бұл шаралар қазір түрлі деңгейде пысықталып жатыр. Толығымен дайын болғанда, көпшілікке таныстырамыз», - деді Д. Абаев.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.



Соңғы жаңалықтар