Президент Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының негізгі міндетін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістегі «Nur Otan» партиялық фракциясын қайта жүктеу керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент алдағы реформаларды заңнамалық сапалы қамтамасыз ету үшін Мәжілістегі партиялық фракцияны қайта жүктеу қажет екенін атап өтті. Фракция мүшелері формализмнен аулақ болып, қоғам өкілдерімен көбірек қарым-қатынаста болуы тиіс.

Осы орайда Мемлекет басшысы депутаттар тікелей міндеті аясында өзекті проблемалардың мән-жайын жеткілікті түсініп, партияның ұстанымын тыңғылықты түсіндіріп, қорғауы керек екенін, сондай-ақ ашық популизмге салынбауы маңызды екенін қадап айтты.

«Сайлаушылармен тікелей диалог құру, тұрақты түрде азаматтармен кездесу аса маңызды, осы орайда шалғайдағы ауылдарға бару керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Президент Парламентте депутаттар жолдайтын сауалдардың мазмұны нақты мәселені қамтып, тұрғындар проблемасын көрсетуі керек екенін айтты.

Айта кетейік, партия съезіндегі Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter -дегі парақшасында жариялануда.



Соңғы жаңалықтар