Президент мас жүргізушілерді қатаң жазалауды тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде автокөлік жүргізгендерді қамап, ірі көлемде айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің айтуынша, Алматы тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз қалаға айналуы керек.

«Елімізде, оның ішінде Алматыда жол-көлік оқиғаларының көп тіркелетіні алаңдатады. Адамдар қаза тауып, жарақаттанып жатыр. Жол апатынан зардап шеккендер саны басқа елдердегі қарулы қақтығыстардан қаза табатындардың санынан кем емес. Жол қозғалысы мәдениеті айтарлықтай төмендеп кетті. Сондықтан, кешенді шаралар қолдану керек. Алкогольдің кез келген түрін кез келген мөлшерде қабылдап, көлікті тізгіндегені үшін жазаны қатаңдатуды заңнамаға енгізуді тапсырдым. Бұл есірткі мен басқа да психотроптық заттарға да қатысты», - деді Президент Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Сондай-ақ, Президент мас немесе есірткі және басқа да психотроптық заттарды қабылдаған соң саналы түрде көлікке отырып, жол ережесін бұзғандарға қатысты заң талаптарын қатайту туралы айтты.

«Бұл - азаматтарымыздың заңды құқығына қарсы бағытталған ауыр қылмыс. Мұндай қылмыстың ауырлығына байланысты қамап, ірі айыппұлдар салып, автокөліктерін тәркілеп, көлік жүргізу құқығынан өмір бойы айыру керек», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар